Жаңалықтар

ШҚО-да заңсыз жұмыс істеген жеті шетелдік ел аумағынан шығарылды

Шығыс Қазақстан облысында «Нелегал-2026» жедел профилактикалық іс-шарасы аясында көші-қон қызметінің қызметкерлері шетел азаматтары мен жұмыс берушілердің заңнама талаптарын сақтауын, оның ішінде ел аумағында болу және еңбек қызметін жүзеге асыру заңдылығын тексеріп жатыр, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.           

Тексерулердің бірінде көршілес мемлекеттің жеті азаматының уәкілетті органның рұқсатынсыз жұмыс істегені және Қазақстан Республикасында уақытша болуға құқық беретін құжаттары болмағаны анықталды.

– Көші-қон заңнамасын қайталап бұзғаны үшін шетел азаматтары Қазақстан Республикасының аумағынан шығарылды. Оларға Қазақстанға бес жыл мерзімге кіруге тыйым салынды, – деп хабарлады ШҚО Полиция департаменті.

Шетел азаматтарының еңбегін пайдалану кезінде заңнама талаптарын бұзған жұмыс беруші де әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

– Көші-қон заңнамасының сақталуына бақылау тұрақты негізде жүргізіледі. Шетел азаматтары мен жұмыс берушілердің белгіленген талаптарды сақтауы маңызды, – деді ШҚО ПД Көші-қон қызметі басқармасының бастығы Ринат Шкибаев.

Басқа жаңалықтар

Back to top button