Жаңалықтар

Өскеменде «Нелегал-2026» жедел профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр

5-19 қазан аралығында Өскемен қаласының аумағында «Нелегал-2026» жедел профилактикалық іс-шарасы өтеді, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.          

Іс-шараның негізгі мақсаты – көші-қон заңнамасының бұзушылықтарын анықтау және жолын кесу, Қазақстан Республикасының аумағында заңсыз жүрген адамдарды анықтау, сондай-ақ шетел азаматтарын заңсыз еңбек қызметіне тарту фактілерін анықтау.

– Жедел профилактикалық іс-шара аясында полиция қызметкерлері мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, шетел азаматтарының тұрғылықты және уақытша болатын жерлерін, шетелдік жұмыс күшінің еңбегі пайдаланылатын нысандарды тексереді. Сондай-ақ қабылдаушы тараптың көші-қон заңнамасы талаптарын сақтауына бақылау жүргізіледі. – делінген Өскемен қаласы Полиция басқармасының хабарламасында.

Басқа жаңалықтар

Back to top button