Жаңалықтар

ШҚО-да ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың құқықтары қорғалды

Үлкен Нарын ауданының прокуратурасы жүргізген тексеру барысында ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды үйде оқытуды ұйымдастыруда заңбұзушылықтар анықталды.

ШҚО прокуратурасының хабарлауынша, көзделген 19 сағаттың орнына аптасына 8 сағат қана сабақ өткізілген. Жеке оқу жоспарларында міндетті пәндер болмаған, психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның ұсынымдары сақталмаған, сабақ жүргізуге тиісті арнайы дайындығы жоқ педагогтер тартылған.

Бұдан бөлек, педагогтерге іс жүзінде өткізілмеген сабақтар үшін еңбекақы заңсыз есептелгені анықталды.

– Прокуратура қабылдаған шаралардың нәтижесінде төрт баланың сапалы білім алуға құқықтары қалпына келтірілді. 4 мектеп директоры тәртіптік жауаптылыққа тартылды, 8 педагог бюджетке негізсіз алған қаражатты қайтарды, – делінген облыстық прокуратураның хабарламасында.

Басқа жаңалықтар

Back to top button