«Одесса» паромы тоқтады

Навигациялық маусымның аяқталуына байланысты «Одесса» паромы өз жұмысын тоқтатты, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.
«Одесса» паромының директоры Евгений Филипповтың айтуынша, биыл навигациялық маусымның небәрі бес айға созылғанына қарамастан, паром қызметін пайдалануға ниет білдірген жолаушылар саны 15%-ға артқан. Бұған Самар ауданында туризм саласының дамуы және өткел аумағын абаттандыру жұмыстары ықпал етті.
Навигациялық маусымның басында Самар ауданының әкімі Серік Жеңісов паром басшылығына қажетті қолдау көрсетіп, туристердің паромды жайлы жағдайда күтуі үшін өткел аумағын абаттандыруға уәде берген болатын. Қысқа мерзім ішінде мұнда беседкалар орнатылып, жарықтандыру жүргізілді, айлақ сырланып, қоқыс жинауға арналған контейнерлер қойылды.



