Жаңалықтар

ШҚО-да жас полицейлер ант қабылдады

Өскемендегі Республика алаңында гарнизондық саптық жиын өтіп, облыстық полиция департаментінің 50-ден астам жас қызметкері ант қабылдады, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.         

Жас қызметкерлерге арнаған сөзінде Полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Ерлан Омарбеков бұл сәт қызметтің басталуымен қатар, атқаратын жұмысы, қабылдайтын шешімдері мен жасаған әрекеттері үшін жауапкершілікті сезінуді білдіретінін атап өтті.

«Офицерлік погон жәй ғана мәртебе емес. Оның артында күрделі жағдайларда әрекет етуге күн сайын дайын болу, шешім қабылдай білу және оның салдары үшін жауапкершілік ала білу тұр», – деді облыстың бас полицейі.

Жас қызметкерлерге ШҚО Ішкі істер органдары мен Ұлттық ұлан ардагерлері кеңесінің төрағасы Нұрлыбек Үдербаев та ақ тілегін білдірді. Ол жастарға кәсіби жолда абыроймен қызмет етіп, қызметтік борышқа адалдық пен азаматтарға деген құрметті сақтауды тіледі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button