Жаңалықтар

ШҚО-да мемлекеттік қызметшілер арасында пікірсайыс турнирі өтті

Шығыс Қазақстан облысында мемлекеттік қызметшілер арасында «Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек» тақырыбында пікірсайыс турнирі ұйымдастырылды.

Турнирге облыстық басқармалар мен аудан әкімдіктерінің мемлекеттік қызметшілерінен құралған 16 команда қатысты. Қатысушылар өзара пікір алмасып, өз ұстанымдарын нақты дәлелдермен қорғап, өзекті мәселелер бойынша ойларын ортаға салды.

Пікірсайыс барысында мемлекеттік қызметшілердің білім деңгейі, логикалық және сыни ойлау қабілеті, шешендік шеберлігі мен командалық жұмыс дағдылары сынға түсті.

Тартысты өткен турнир қорытындысы бойынша жүлделі орындар төмендегідей бөлінді:

I орын – Шығыс Қазақстан облысының Цифрландыру және архивтер басқармасы;

II орын – Шығыс Қазақстан облысының Білім басқармасы;

III орын – Зайсан ауданының әкімдігі.

Айтып өтейік, іс-шараның негізгі мақсаты – мемлекеттік қызметшілердің зияткерлік әлеуетін арттыру, сыни ойлау және шешім қабылдау дағдыларын дамыту, сондай-ақ шешендік өнері мен өз ойын дәлелді жеткізу қабілетін жетілдіру.Пікірсайыс турнирі мемлекеттік қызметшілердің кәсіби және тұлғалық дамуына ықпал етіп, олардың жаңа идеялар мен бастамаларды талқылауына, өзара тәжірибе алмасуына мүмкіндік берді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button