Жаңалықтар

ШҚО-да TikTok-та тікелей эфир кезінде деректерді заңсыз алған ер адамға үкім шықты

Өскемен қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты ақпаратқа заңсыз қол жеткізу және бірнеше интернет-алаяқтық жасады деп айыпталған Ақтөбе облысының тұрғынына қатысты қылмыстық істі қарады, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.            

ШҚО прокуратурасының мәліметінше, ер адам TikTok әлеуметтік желісіндегі тікелей эфирлерді қарап отырып, онлайн ойындар ойнаған және Instagram-да аккаунттарды бағалаумен айналысқан тұлғалардың абоненттік нөмірлерін анықтаған.

Кейін аталған нөмірлерді WhatsApp мессенджерінде тіркеген. Аккаунтқа кіру үшін қажетті код нөмір иесінің телефонына келген, ол оны тікелей эфирлер арқылы көріп, өз телефонына енгізген. Осылайша, ол бөгде тұлғалардың аккаунттарына заңсыз қол жеткізген.

Бұдан кейін аккаунт иесінің атынан оның таныстарына қарызға ақша беру туралы өтініш жасап, оларды алдау арқылы өз шоттарына ақша аудартқан.

Осылайша, ол бөгде тұлғалардың аккаунттарына заңсыз қол жеткізу және алдау жолымен бірнеше рет бөтеннің ақшалай қаражатын иемденген. Нәтижесінде түрлі өңірлердің тұрғындары зардап шекті.

– Ер адам ұрланған қаражатты жеке басының қажеттіліктеріне, соның ішінде бәс тігуге және құмар ойындарға қатысуға жұмсаған. Мемлекеттік айыптаушы сотқа 19 азаматтың жеке аккаунттарына заңсыз қол жеткізу арқылы жасалған алаяқтықтың 37 эпизоды бойынша нақты және негізді дәлелдер ұсынды. Сот ер адамды Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 187-бабы 2-бөлігі, 190-бабы 3-бөлігі 3,4-тармақтары, 205-бабы 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танып, 3 жыл мерзімге бас бостандығынан шектеу жазасы кесілді, – делінген ШҚО прокуратурасының хабарламасында.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button