БастыЖаңалықтар
8 қазанда Өскеменде зейнеткерлерге арналған би кеші өтеді

Қарттар күніне арналған мерекелік шаралар 1 қазанмен шектеліп қалмай, жалғасын табады,
8 қазанда Аблакетка зейнеткерлері үшін ретро би кеші ұйымдастырылмақ.
Келесі бейсенбіде Аблакетка шағын ауданында аға буын өкілдеріне арналған мерекелік бағдарлама өтеді. Концерттен кейін тілек білдірушілер ретро-дискотекада вальс ырғағында би билеп, көңіл көтере алады.
Мерекелік іс-шара 8 қазан сағат 11.00-де Островский көшесі, 20/1 мекенжайындағы «Асқартау» мейрамханасында өтеді.



