ШҚО-ға еңбегі сіңген аға буын өкілдері марапатталды

Өскеменде Қарттар күніне арналған мерекелік концерт өтіп, оған өңірдің түкпір-түкпірінен қадірлі қонақтар келді.
Ерен еңбегімен ерекшеленген аға буын өкілдері мараптқа ие болып қана қоймай, өз өнерлерін ортаға салды.
Әрқайсыңыздың өмір жолдарыңызда маңдай тер төгілген жылдар, отбасыға, туған ауылға, жақын жандарыңызға деген қамқорлық жатыр. Сіздер Шығыс Қазақстанның дамуына зор үлес қостыңыздар және бүгінде де аймақтың қоғамдық өміріне белсенді араласып келесіздер. Осы үлгі-өнегелеріңіз үшін алғыс айтамын. Біздің ризашылығымыз күнделікті қамқорлық пен көңіл бөлуден көрініс табуы маңызды, — деді өңір басшысы Нұрымбет Сақтағанов.
Мерекелік бағдарламаның ерекше бөлігі аға буын өкілдерінің өнер көрсетуіне арналды. Облыс аудандарынан келген тұрғындар сахнада өз өнерлерін паш етіп, мерекелік концертке қатысты.
Шара тағдырлары әр түрлі, алайда туған өлкенің игілігі жолында талай жыл еңбек еткен жандардың басын қосты. Бұл мереке оларға жеке алғыс білдіріп, олардың қалалар мен ауылдардың қоғамдық өміріне әлі де өзіндік үлес қосып келе жатқанын атап өтуге мүмкіндік берді.



