БастыЖаңалықтар
Өскеменде 18 жастағы жігіт көпқабатты үйдің ауласынан асылған күйі табылды

Оқиға Әуезов даңғылы, 24-үйдің ауласында болған. Жас жігітті өтіп бара жатқан адамдар тауып алған.
ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі 18 жастағы Өскемен тұрғынының өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.
Қазір қажетті тергеу амалдары жүргізіліп, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.



