БастыЖаңалықтар

ШҚО-да құсбегілер мектебі ашылуы мүмкін

Ұлан ауданындағы Бозанбай ауылында құсбегілік өнерін үйрететін арнайы оқу орталығын ашу жоспарланған. Бұл туралы ҚР «Құсбегілік» федерациясының ШҚО филиалының төрағасы Бағжан Маркс мәлімдеді.  

Оның айтуынша, орталық құру туралы шешім қабылданып, облыс басшылығымен келісілген. Бастаманы ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағанов та қолдаған.

– Құсбегілер мектебінің ашылуы Шығыс Қазақстанның туризм саласын дамытуға және ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталған жобалардың бір болмақ. Мектеп ашылған жағдайда құсбегілік өнерін одан әрі насихаттап, оны кеңінен таныту, сондай-ақ ұлттық құндылығымызды әлемдік деңгейге шығару жоспарымыз бар, – деді Бағжан Маркс.

Мектепте бүркітшілік өнері, қыран құстарды күту және баптау, олармен жұмыс істеу, сондай-ақ жыртқыш құстармен аң аулаудың тәсілдері үйретіледі.

Сонымен қатар мұнда құсбегілікке қатысты салт-дәстүр мен мәдениет насихатталмақ.

Жоспар бойынша кешенде жеке ғимарат пен тәжірибелік сабақтарға арналған оқу алаңдары болады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button