ШҚО тұрғындарының жылуға төлеген 297 млн теңгесі қайтарылады
Өткен жылыту маусымының қорытындысы бойынша ШҚО тұрғындарына шамамен 300 миллион теңге қайтару жоспарланып отыр. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Табиғи монополияларды реттеу комитеті ШҚО бойынша департаментінің басшысы Қуат Мұстапин мәлімдеді.
2026 жылдың бірінші жартыжылдығында ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің ШҚО бойынша департаменті тұрғындар мен заңды тұлғалардың өтініштерін қарап, тарифтердің негізділігіне, инвестициялық бағдарламалар мен тарифтік сметалардың орындалуына мониторинг жүргізді.
– 2025–2026 жылдардағы жылыту маусымының қорытындысы бойынша жылумен жабдықтау қызметтері үшін тұтынушыларға жалпы сомасы 297 миллион теңге көлемінде қаражат қайтару жоспарланып отыр, – деді Қуат Мұстапин.



