Жаңалықтар

Өскеменде 70 мыңнан астам зейнеткер тұрады

Бүгінде Өскемен қаласында 70 мыңнан астам зейнеткер тұрады. Олардың қатарында ғасыр жасаған 19 қарт, 4 Ұлы Отан соғысының ардагері және 1714 тыл еңбеккері бар. Бұл туралы қала әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

1 қазанда елімізде Халықаралық қарттар күні аталып өтеді. Бұл – өмір жолы кейінгі ұрпаққа өнеге, еңбегі елге үлгі болған аға буынға құрмет көрсететін ерекше күн.

Өскемен қаласының әкімі Алмат Ақышов ардагерлер, ақ жаулықты әжелер мен ардақты аталарды Қарттар күнімен құттықтады.

– Қала әкімі сіздерге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыларыңызға амандық пен береке тілейді. Балаларыңыз бен немерелеріңіздің ортасында қадірлі болып, олардың қуанышын көріп, ақ баталарыңызды беріп жүре беріңіздер!, – делінген қала әкімінің баспасөз қызметінің хабарламасында. 

Басқа жаңалықтар

Back to top button