Жаңалықтар

Шығыс Қазақстанның болашақ металлургтері Еуропада білім алады

Берлинде «Казцинк», Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті және Рур университеттері альянсы (UA Ruhr) арасында үшжақты келісімге қол қойылды, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.  

Құжат K’ADAM International халықаралық бағдарламасы аясындағы ынтымақтастықты дамытуға бағытталған және қазақстандық техникалық университеттің, ірі өнеркәсіптік кәсіпорынның және германиялық академиялық серіктестің әлеуетін біріктіреді.

Бағдарлама студенттерді өндірістің сұранысына сай даярлауға бағытталған. Олар бірінші курстан бастап компанияның жұмысымен және таңдаған мамандығымен жақын танысып, кәсіпорында тәжірибе жинақтайды. Сондай-ақ өндірістің нақты міндеттеріне негізделген дипломдық жобалар дайындайды.

Оқу кезеңінде студенттерге өндіріс тарапынан кураторлар мен тәлімгерлер қолдау көрсетеді. Компания бағдарлама қатысушыларына қаржылай қолдау да ұсынады.

«Казцинк» компаниясының мәліметінше, бағдарламаның үздік қатысушылары халықаралық серіктестердің қолдауымен Германиядағы бейінді жоғары оқу орындарында тағылымдамадан өте алады.

– Бұл біздің компания осы жылдың қаңтарында ШҚТУ-мен бірге іске қосқан K ‘ ADAM жобасының дамуындағы маңызды кезең. Бастаманың атауы «қадам» деген қазақ сөзінің түйіскен жерінде және К әрпімен – Қазақстан адамы, «Казцинк» адамы деген қызықты тұспалдан туды. Бастапқыда біз өзімізге – студент оқу кезінде болашақ жұмыстың ерекшелігін түсінуі үшін өндірістің нақты қажеттіліктерін ескере отырып мамандар даярлау деген міндет қойдық. Бүгін K ‘ADAMның жаңа бағыты – K’ ADAM International пайда болды. Бағдарламаның үздік қатысушылары Германияның бейінді жоғары оқу орындарында тағылымдамадан өту мүмкіндігіне ие болады, әрі халықаралық әріптестер тарапынан қолдау алатын болады. Біз үшін бұл жобаның бірден үш құрамдас бөлікті біріктіретіні ерекше маңызды: университет, халықаралық академиялық қауымдастық және бизнес. Бұндай форматтағы ынтымақтастық жас мамандарға сапалы білім алып қана қоймай, шетелдік тәжірибе алуға, басқа тәсілдерді көруге және осы білімді елімізге әкелуге мүмкіндік береді деп санаймын, – деді «Казцинк» ЖШС бас директоры Жанат Жанботин.

Басқа жаңалықтар

Back to top button