Шығысқазақстандық екі спортшы Азия ойындарының қола жүлдегері атанды
Жапонияда өтіп жатқан жазғы Азия ойындарында слаломда есуден шығысқазақстандық спортшылар Александр Коробов пен Анастасия Ананьева қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.
Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметінің мәліметінше, ерлер арасында байдаркадан финалда Қазақстан командасының спортшысы Александр Коробов қола жүлдеге ие болды. Оның ұпай саны – 94.48.
– Анастасия Ананьева әйелдер арасындағы бір адамдық каноэ жарысының финалында өнер көрсетті. Қазақстандық спортшы қашықтықты 127,32 секундта бағындырып, үшінші орын алды. Қытай өкілі Хуан Цзюань 114,84 секунд нәтижесімен жеңіске жетті. Ал Таиланд спортшысы Атчарапорн Дуанглава 125,85 секунд көрсетіп, күміс жүлдегер атанды, – делінген Ұлттық Олимпиадалық комитетінің хабарламасында.



