Жаңалықтар

Зайсан көлінде екі балықшының денесі табылды

22 қыркүйекте Күршім ауданы Балықшы ауылдық округінде 1979 және 2001 жылы туған екі ер адам Зайсан көліне балық аулауға шығып, қайтып оралмаған, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.       

ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметіне сүйенсек, іздестіру жұмыстарының алғашқы күнінде жағалаудан 3-4 шақырым қашықтықта суға батқан қайық табылды. 29 қыркүйекте жергілікті тұрғындар 2001 жылы туған ер адамның денесін тапты. 30 қыркүйекте құтқарушылар 1979 жылы туған ер адамның денесін судан алып шықты.

Іздестіру жұмыстары барысында ТЖМ құтқарушылары 63 рет сүңгу жұмыстарын жүргізіп, жағалау сызығы мен көлдің акваториясын, оның ішінде дрондарды пайдалана отырып, тексерді.

– Іздестіру жұмыстары ауа райының қолайсыздығына, қатты жел мен толқынға, сондай-ақ тексерілетін акватория аумағының үлкен болуына байланысты қиындады. Бұл сүңгуірлердің жұмысына және судағы іздестіру топтарының қозғалысына айтарлықтай кедергі келтірді, – делінген хабарламада.

Басқа жаңалықтар

Back to top button