Жаңалықтар

Өскеменде 1 қазаннан бастап қоғамдық көлікте жолақы қымбаттай ма?

Өскеменде 1 қазаннан бастап қоғамдық көлікте жолақы қымбаттайды деп жоспарланған еді. Алайда әзірге автобустарда жолақы өзгермейді. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады. 

Бұған дейін қаулы жобасына сәйкес қоғамдық көліктегі жол жүру тарифтері қолма-қол ақшасыз төлем жасаған кезде – 120 теңге, қолма-қол төлем кезінде – 200 теңге етіп белгілеу жоспарланған.

Жолақыны көтеру жөніндегі жоба тамыз айында қалалық мәслихатта келісіліп, кейін «Ашық НҚА» порталында жарияланған болатын.

Тарифтің қашан өзгеретіні әзірге белгісіз.

Басқа жаңалықтар

Back to top button