Жаңалықтар

ШҚО-да көлік тонаған ер адам ұсталды

Шемонаихада полиция қызметкерлері оқиға орнында табылған саусақ іздері бойынша күдіктіні анықтады, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.

Volkswagen Vento жүргізушісі көлігін үйінің жанына қалдырып, есігін құлыптамаған. Осы сәтті пайдаланған қаскөй салоннан екі ұялы телефонды ұрлап кеткен. Келтірілген шығын көлемі 120 мың теңгені құрады.

–  Көлікті тексеру барысында мамандар саусақ іздерін анықтады. Олар «Папилон» дактилоскопиялық базасы бойынша тексерілді. Нәтижесінде 42 жастағы жергілікті тұрғынның деректерімен сәйкестігі анықталды. Полицейлер ер адамның жеке басын анықтап, оны ұстады, – деп хабарлады ШҚО Полиция департаменті.

Ер адам ұрлық жасағанын мойындап, телефондарды өз еркімен тапсырды. Мүлік тәркіленіп, иесіне қайтарылды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button