ШҚО-да 3 келіге жуық марихуана тасымалдау фактісі тоқтатылды
Шығыс Қазақстан облысында полицейлер көліктің әртүрлі бөліктерінде жасырылған үш келіге жуық тыйым салынған затты анықтады, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.
ШҚО Полиция департаментінің мәліметінше, есірткі орамалары дөңгелек аркаларының ішінен, есік қаптамасының артынан және артқы орындықтардың арасынан табылды.
Күдікті 39 жастағы ер адам басқа өңірдің тұрғыны болып шықты. Тергеу мәліметтеріне сәйкес, ол есірткіні басқа жақтан Өскемен қаласына әрі қарай өткізу мақсатында жеткізген.
– Күдікті «Паутина» және «Қарасора» жедел профилактикалық іс-шаралары барысында ұсталды. Көлікті тінту барысында полицейлер оның әртүрлі бөліктеріне жасырылған өсімдік тектес зат салынған алты ораманы тапты. Сараптама нәтижесінде тәркіленген заттың кептірілген марихуана екені анықталды. Есірткінің жалпы салмағы шамамен 3 келіні құрады, – делінген облыстық полиция департаментінің хабарламасында.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды.



