Жаңалықтар

Business GO Шығыс Қазақстан кәсіпкерлеріне таныстырылды

Бизнес-күн аясында Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлеріне Business GO – бөлшек сауда бизнесіне арналған, кәсіпкерге қажетті сервистерді бір жеке кабинетте біріктіретін бірыңғай цифрлық экожүйе таныстырылды.

Платформаның ерекшеліктері мен мүмкіндіктері туралы ШҚО Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Сәкен Абдуллин айтып берді.

«Business GO-ның басты артықшылығы – кәсіпкерге әртүрлі жеткізушілердің бірнеше жүйесін бөлек қосып, әртүрлі кабинеттерде жұмыс істеп, интеграцияларды жеке-жеке баптаудың қажеті жоқ. Қажетті сервистердің барлығы бір экожүйеге біріктірілген», – деп атап өтті Сәкен Абдуллин.

Платформа онлайн-кассаны, ФДО-ны, тауарларды есепке алу және маркетингтік жүйелерді, БКМ-ді тексеру және Tax Free сервисін біріктіреді. Сонымен қатар кәсіпкерлерге қосымша құралдар қолжетімді: фискалдық деректермен жұмыс істеуге арналған AOFD, алкоголь өнімдерінің акциздік маркаларын тексеруге арналған GreenScan, «Салық төлеушінің паспорты», сатып алушылармен өзара әрекеттесуге арналған Amian business, сондай-ақ баға аналитикасы мен мониторингіне арналған Findex.

Платформаның жеке мүмкіндіктері тікелей сатылымды дамытуға бағытталған. Адалдық құралдары, акциялар, бонустық бағдарламалар мен жеке ұсыныстар клиенттермен тиімді жұмыс істеуге, қайталама сатып алулар санын және орташа чекті арттыруға мүмкіндік береді.

Таныстырылым барысында атап өтілгендей, Business GO күнделікті үдерістерді автоматтандыруға, бизнестің көрсеткіштерін кез келген құрылғыдан бақылауға, қажетті сервистерді жылдам қосуға және әртүрлі цифрлық шешімдерді пайдалануға кететін шығындарды азайтуға мүмкіндік береді. Кәсіпкер үшін бұл – бизнестің негізгі үдерістерін бір кабинет арқылы басқару және бірыңғай техникалық қолдау алу мүмкіндігі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button