Жаңалықтар

ШҚО-да жыл басынан бері 590 есірткі жарнамасы жойылды

Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы «STOP есірткі!» жобасын іске асыруды жалғастырып жатыр, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.         

Жоба аясында азаматтармен жедел өзара іс-қимыл жасау үшін «Clean Streets» мобильді қосымшасы жұмыс істейді. Оның көмегімен облыс тұрғындары тыйым салынған заттардың жарнамасын орналастыру фактілері туралы хабарлап, расталған ақпарат үшін ақшалай сыйақы ала алады.

– Жыл басынан бері өңірде бейжай қарамайтын азаматтардың көмегімен 590 есірткі жарнамасы мен QR-код анықталып, жойылды. Анықталған фактілер бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 299-1-бабы бойынша 5 қылмыстық іс қозғалды, – делінген облыстық прокуратураның хабарламасында.

Сонымен қатар прокуратура органдары Жастар ресурстық орталығымен бірлесіп, студенттер мен волонтерлердің қатысуымен тұрақты негізде профилактикалық рейдтер өткізіп жатыр.

Рейдтер барысында есірткі жарнамасы бар ондаған қауіпті жазбалар жойылды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button