Жаңалықтар

Өскемендегі ғимараттардың бірінде өрт шықты

Өскемендегі Борис Александров көшесінде орналасқан жеке тұрған бильярд залында өрт шықты, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.         

Өрт сөндірушілер келген кезде ғимараттан қою қара түтін шығып жатқан.

– Ғимараттың цокольдық қабатында орналасқан заттар мен жиһаздар жанған. Өрт сөндірушілер түтін басқан ғимаратқа кіріп, негізгі жалынды сөндірді және зардап шеккендердің бар-жоғын анықтау үшін барлық бөлмелерді тексерді. Зардап шеккендер анықталған жоқ, – деп хабарлады ШҚО ТЖД.

Өрт 25 шаршы метр аумақта сөндірілді. Құтқарушылар өрт ошағынан газ баллонын алып шықты.

Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Басқа жаңалықтар

Back to top button