ШҚО-да 930-дан астам көлік тексерілді

25-27 қыркүйек аралығында облыс аумағында «Жалған мемлекеттік нөмірлік белгі» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтті, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.
Полиция қызметкерлері рейдтік іс-шара барысында жалған мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін пайдалануға, сондай-ақ көлік құралдарын мемлекеттік нөмірсіз басқаруға қатысты заң бұзушылықтарды анықтады.
– Іс-шара барысында 930-дан астам көлік құралы тексеріліп, 400-ге жуық әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде көлік құралын жалған мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерімен басқарудың 2 дерегі анықталды. Тағы 13 жүргізуші көлікті мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерінсіз басқарған, – делінген ШҚО Полиция департаментінің хабарламасында.
Анықталған барлық факті бойынша Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тиісті шаралар қабылданды.



