Жаңалықтар
Селезневка станциясында интернет іске қосылды – ШҚО
Алтай ауданы Селезневка станциясында интернет желісі іске қосылды, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.
Селезневка станциясында тұрғындарды сапалы байланыс және заманауи цифрлық қызметтермен қамтамасыз ету мақсатында Jusan Mobile интернет желісі орнатылды.
– Енді тұрғындар интернетті байланыс жасауға, білім алуға, жұмыс істеуге және мемлекеттік қызметтерді онлайн форматта алуға пайдалана алады, – делінген Октябрьск кенті әкімдігінің хабарламасында.



