БастыЖаңалықтар
ШҚО-дағы паром өткелі жұмысын тоқтатады
Васильев паром өткелінде қатынайтын «Одесса» паромы өз жұмысын тоқтатады, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.
– Навигациялық маусымның аяқталуына байланысты 5 қазаннан бастап Васильев паром өткелі өз жұмысын тоқтатады. Тұрғындар мен өңір қонақтарынан бағыттарын жоспарлау кезінде осы ақпаратты ескерулерін сұраймыз, – делінген ШҚО Жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасының хабарламасында.



