Жаңалықтар

Өскеменде оқушылар арасында аула спорты лигасының финалды өтеді

25–27 қыркүйек аралығында Өскеменде мектеп оқушылары арасында Ауладағы спорт клубтары лигасының облыстық финалы өтеді. Мини-футбол және үстел теннисінен өтетін жарысқа облыстың қалалары мен аудандарынан 663 оқушы қатысады.

Жарыстың алғашқы кезеңі жазғы демалыс кезінде өтіп, оған 4,5 мыңнан астам бала қатысты. Іріктеу нәтижесінде үздік командалар мен спортшылар финалға жолдама алды.

25 қыркүйекте үстел теннисінен жарыс Қ. Сәтбаев даңғылы, 82/8 мекенжайындағы облыстық үстел теннисі БЖСМ-де сағат 10:00-де, ал мини-футболдан ойындар «Восток» стадионында 14:00-де басталады.

26 қыркүйекте мини-футболдың финалдық ойындары мен марапаттау рәсімі 15:00-де өтеді.

Ұйымдастырушылар қала тұрғындарын жас спортшыларға қолдау көрсету үшін жарыстарға көрермен ретінде қатысуға шақырады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button