БастыЖаңалықтар

Марқакөлде жаңа спорт модулі ашылды

Бүгін Марқакөл ауданы Қалжыр ауылында жаңа спорт модулі пайдалануға берілді, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.  

ШҚО әкімінің баспасөз қызметінің мәліметінше, нысанның жалпы аумағы 850 шаршы метрден асады. Мұнда 5 жаттықтырушы-оқытушы қызмет атқармақ. Спорт модулі ауыл балаларының спортпен тұрақты айналысуына мүмкіндік бермек. 

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов Қалжыр ауылындағы жаңа спорт модулінің салтанатты ашылу рәсіміне қатысты.

«Облыста Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен бұқаралық спортты дамытуға ерекше көңіл бөлініп келеді. Осы жаңа спорт кешенінде балаларымыз жүйелі түрде спортпен шұғылданып, республикалық, халықаралық жарыстарда жеңіске жетіп, биік белестерді бағындырады деп сенеміз», – деді аймақ басшысы. 

Сондай-ақ облыс әкімі Қалжыр ауылдық дәрігерлік амбулаториясының жұмысымен танысты. Медициналық мекеме ауылдың 1145 тұрғынына алғашқы медициналық-санитарлық, амбулаториялық-емханалық және стационарды алмастыратын медициналық көмек көрсетеді. Амбулатория жанында 2 төсекке арналған күндізгі стационар жұмыс істейді. Ауылдық амбулаторияның құрамына «Қазақстан», «Жаңауыл» және «Тақыр» медициналық пункттері кіреді. Мұнда 12 адам жұмыс істейді. Жыл басынан бері ауылда 7 сәби дүниеге келген. Ана мен бала өлімі тіркелген жоқ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button