Жаңалықтар
Өскеменде көпқабатты тұрғын үйден өрт шығып, 15 адам эвакуацияланды
Өскемендегі Жастар көшесінде 10 қабатты тұрғын үйдің екінші қабатындағы пәтерден өрт шықты, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.
Пәтердің ішінде жиһаздар мен жеке заттар өртенген.
Өрт сөндірушілер 15 адамды жедел эвакуациялады, оның ішінде екі бала бар.
– Өрт 4 шаршы метр аумақта сөндірілді. Өрттің шығу себебі анықталуда, – деп хабарлады ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті.



