Жаңалықтар
ШҚО-да қос азаматтығы бар 38 адам жауапқа тартылды
Жыл басынан бері Шығыс Қазақстан облысында 620-дан астам адамның Қазақстан Республикасы азаматтығының жоғалғаны ресми түрде тіркелді. Заңнама талаптарын бұзған 38 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.
ШҚО ПД Көші-қон қызметі басқармасының бастығы Ринат Шкибаевтың айтуынша, анықталған деректердің негізгі бөлігі көрші мемлекеттердің азаматтығын қабылдаған тұлғаларға тиесілі.
Осындай жағдайлардың бірі Алтай ауданының 21 тұрғынына қатысты анықталды. Ол басқа мемлекеттің азаматтығын алғанымен, бұл туралы уақтылы құзыретті органдарға хабарламаған.
– Тексеру барысында оның құжаттары тәркіленіп, азаматтықтың жойылғаны ресми түрде тіркелді, – делінген хабарламада.



