Жаңалықтар

Өскеменде Зайсан ауданының мәдени күндері өтеді

25-26 қыркүйек аралығында Өскеменде «Туған жер – алтын бесігім» облыстық жобасы аясында Зайсан ауданының мәдени күндері өтеді, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.  

25 қыркүйек күні сағат 18:00-де Шығыс Қазақстан облыстық филармониясында (Протозанов көшесі, 43) «Зайсан жастары – жаңа дәуір үні» көрмесі ұйымдастырылады. Экспозицияға өскелең ұрпақтың жасанды интеллектіні пайдалану дағдыларын, заңдылық пен құқықтық тәртіпті сақтау идеяларын, «Таза Қазақстан» бастамасының құндылықтарын ұштастырған шығармашылық жобалары қойылады. Сонымен қатар Зайсан ауданы өнерпаздарының қатысуымен гала-концерт өтеді.

26 қыркүйек сағат 08:00-ден бастап «Алтай» көтерме-бөлшек сауда орталығы аумағында (Жібек Жолы көшесі, 44) ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді. Сонымен қатар ұлттық спорт ойындары және мәдени-танымдық іс-шаралар өткізіледі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button