Жаңалықтар

Өскеменде ЖМК ауданында ыстық су уақытша өшірілді

Өскемендегі Жібек маталар комбинаты ауданында Базовая көшесі, Есенберлин даңғылы, Сәтбаев даңғылы және Жібек жолы көшелері қиылысындағы жол айрығының құрылысына байланысты ыстық су уақытша өшірілді, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.   

Өскемен қаласы әкімінің баспасөз қызметінің мәліметінше, аталған аумақта инженерлік желілерге қатысты жұмыстар жүргізіліп жатыр. Осыған байланысты тұрғындарға ыстық су беру уақытша шектелді.

Ыстық сумен жабдықтауды түскі уақытқа дейін қалпына келтіру жоспарлануда.

– Жұмыстардың барысы тиісті қызметтердің бақылауында. Тұрғындардан уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды сұраймыз, – делінген хабарламада.

Басқа жаңалықтар

Back to top button