Жаңалықтар

Өскеменде жарнамалық бейнеролик үшін жол ережесін бұзғандар жауапқа тартылды

Дүкенге арналған жарнамалық бейнеролик түсіргендер әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.  

Бейнеролик түсіру барысында көпшіліктің назарын аударып, әсерлі кадр түсіру мақсатында көлік жүріп бара жатқан сәтте жолаушы көліктен басын шығарған. Полиция қызметкерлері олардың жеке басын анықтап, әрекеттеріне құқықтық баға берді.

– Haval Jolion автокөлігінің жүргізушісіне жолаушыларды тасымалдау қағидаларын бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 593-бабының 1-2-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Көліктен басын шығарған жолаушы да әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оған ҚР ӘҚБтК-нің 615-бабының 5-бөлігі бойынша жолаушының Жол жүрісі қағидаларында белгіленген талаптарды бұзғаны үшін хаттама рәсімделді, – деп хабарлады ШҚО Полиция департаменті.

Басқа жаңалықтар

Back to top button