Жаңалықтар

Риддерде үш жетім бала тұрғын үй кезегінен заңсыз шығарылған

Риддер қаласының прокуратурасы әлеуметтік осал топтағы азаматтардың тұрғын үймен қамтамасыз етілу құқықтарының сақталуына жүргізген талдау барысында баспана кезегінде тұрған үш жетім баланың есептен заңсыз шығарылғанын анықтады, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen. 

Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасының мәліметіне сүйенсек, оларды кезектен шығаруға Риддер қаласында уақытша тұрмауы, сондай-ақ бастапқы есепке қоюды растайтын құжаттардың жоғалуы негіз болған.

Прокурорлық қадағалау актісі бойынша аталған тұлғалардың құқықтары қорғалды.

– Үш кәмелетке толмағанның барлығы бастапқы кезекке қойылған күні сақтала отырып, тұрғын үй кезегіне қайта қойылды, – деп хабарлады облыстық прокуратура.

Басқа жаңалықтар

Back to top button