Пойыз билеттерін 30%-ға дейін жеңілдікпен алуға болады
19 қыркүйектен бастап жолаушылар бірқатар бағыт бойынша белгілі бір вагондарға билетті 20%-дан 30%-ға дейін жеңілдікпен сатып ала алады, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.
«Жолаушылар тасымалы» АҚ мәліметінше, жеңілдіктер дүйсенбіден бейсенбіге дейін жөнелтілетін пойыздарға қолданылады:
№77/78 Алматы – Маңғыстау
Вагон түрі: купе
Жеңілдік: 20%
№9/10 Астана – Алматы
Вагон түрі: отыратын орындары бар вагон
Жеңілдік: 30%
№67/68 Астана – Өскемен
Вагон түрі: отыратын орындары бар вагон
Жеңілдік: 30%
№65/66 Астана – Қызылорда
Вагон түрі: туристік (купе)
Жеңілдік: 25%
№11/12 Алматы – Шымкент
Вагон түрі: туристік (купе)
Жеңілдік: 20%
№25/26 Алматы – Шымкент
Вагон түрі: туристік (купе)
Жеңілдік: 20%
– Жеңілдік мөлшері таңдалған пойыз бен вагон түріне байланысты. Арнайы ұсыныс 19 қыркүйектен бастап дүйсенбіден бейсенбіге дейін жөнелтілетін жоғарыда көрсетілген пойыздарға қолданылады. Билеттерді bilet.railways.kz ресми сайты арқылы және теміржол вокзалдарының билет кассаларында сатылады, – делінген хабарламада.
Қосымша ақпаратты 1433 тегін нөмірі арқылы, сондай-ақ, «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның Instagram желісіндегі @jolaushylar_tasymaly ресми парақшасынан алуға болады.



