Жаңалықтар

Өскемендегі Комендантка көпірі астындағы жол биыл ашылмайды

Комендантка көпірінде қайта жаңартуға байланысты дайындық жұмыстары, оның ішінде инженерлік желілер бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen. 

Комендантка өзені арқылы өтетін көпірді қайта жаңарту жоспарланған.

Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің мәліметінше, жоба аясында көпірді алты жолаққа дейін кеңейту көзделген. Әр бағытта үш жолақтан болады. Жолақтардың ені 3,5-тен 4 метрге дейін. Сондай-ақ көпірдің екі жағында жаяу жүргіншілерге арналған тротуар салу жоспарланған.

Жазда көпір астындағы тротуар плиталары алынып, жер қазу жұмыстары жүргізілді. Аумақ қоршаумен қоршалды.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің мәліметіне сүйенсек, жоба республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылып жатыр. 2026 жылы нысанды аяқтауға қажетті қаржы толық бөлінбеген. Осыған байланысты жобаны жүзеге асыру мерзімі келесі жылға шегеріледі.

–  Көпірді қайта жаңарту жұмыстары қажетті қаржыландыру лимиті бөлінгеннен кейін аяқталады. Құрылыс-монтаж жұмыстары толық аяқталғанға дейін қауіпсіздік мақсатында көпір астындағы аумақты жаяу жүргіншілер үшін ашу жоспарланбайды, –  деді қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімдегілер.

Басқа жаңалықтар

Back to top button