Жаңалықтар
ШҚО-да халық саны қанша?

2026 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша облыс халқының саны 716 мың адамды құрады. Оның ішінде 485,9 мыңы – қала тұрғындары, ал 230,1 мыңы – ауыл тұрғындары.
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2026 жылғы қаңтар-шілде айларында 3951 адам дүниеге келген (2025 жылғы қаңтар-шілде айларымен салыстырғанда 8,6% кем).
Естеріңізге сала кетейік, 2026 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша Қазақстан халқының саны 20 604 819 адамға жетті.



