Жаңалықтар
ШҚО-да орташа айлық жалақы 454 226 теңгені құрады
Шығыс Қазақстан облысында орташа айлық атаулы жалақы 454 226 теңгені құрады. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы хабарлады.
2026 жылдың II тоқсанында шағын кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда, жұмысшыларға есептелген орташа айлық атаулы жалақы 454 226 теңгені құрады. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 8,7%-ға өскен.



