Жаңалықтар
Катонқарағай ауданында 39 шақырымға жуық жол жөнделеді

Катонқарағай ауданының жалпы автокөлік жолдарының ұзындығы 420 шақырымды құрайды. Биыл 481 млн теңгеге жуық қаржыға 39 шақырымға дейінгі автокөлік жолдары мен көшелерге орташа жөндеу жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen ШҚО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Орташа жөндеу жұмыстары Согорное – Барлық – Ақсу, Жаңа-Үлгі – Жамбыл – Берел бағыттарында, Коробиха ауылына кіреберіс жолда, сондай-ақ Катонқарағай мен Шыңғыстай ауылдарының көшелерінде жүргізіліп жатыр.
Облыс әкімі жол жөндеу жұмыстарын сапалы орындау және белгіленген мерзімдерді сақтау міндетін қойды.



