Жаңалықтар

Катонқарағайдағы әуежай құрылысы қашан аяқталады?

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов Катонқарағай ауданындағы жаңа әуежай құрылысының барысын тексерді, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.

Нысанның жалпы дайындық деңгейі бүгінде 76 пайызға жуық. Құрылыс алаңында 350 адам және 158 техника жұмыс істеп жатыр.

– Бүгін әуежайдың дайын ұшу-қону жолағын, перроны мен рульдеу жолын көрдім. Республикалық маңызы бар жол мен блокты-модульдік қазандықтың құрылысы аяқталған. Қазір негізгі жұмыстар аэровокзал ғимараты, диспетчерлік мұнара, қызметтік нысандар мен инженерлік желілерге шоғырланған. Өздеріңізге белгілі, бұл әуежай нөлден бастап салынып жатыр. Сондықтан мұндағы жұмыс көлемі ауқымды. Жаңа әуежай туризмнің дамуына тың серпін беріп, Катонқарағайды өңір тұрғындары мен қонақтары үшін қолжетімді ете түсуі тиіс. Мердігерге құрылыс кестесін қатаң сақтап, жұмыстардың сапалы болуын қамтамасыз етуді тапсырдым. Құрылысты жыл соңына дейін аяқтау жоспарланған, – деді облыс әкімі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button