БастыЖаңалықтар

Зайсанда жоғалған балықшылар табылды

ШҚО-да құтқарушылар суға батқан екі ер адамның денесін тапты.

Тарбағатай ауданы Тұғыл ауылдық округіндегі Зайсан көлінде ШҚО ТЖД құтқарушылары жүргізген іздестіру жұмыстары барысында 31 және 58 жастағы ер адамның денелерін алып шықты.

Іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізуге ШҚО ТЖД күштері мен құралдары, ұшқышсыз ұшу аппараттары, катерлер және жүзу құралдары жұмылдырылды. Іздеу жұмыстарына жергілікті тұрғындар да қатысты.

— Көлдің тереңдігі мен түбінің жер бедерінің ерекшеліктері іздестіру жұмыстарын қиындатты,- дейді құтқарушылар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button