Жаңалықтар
Өскемендегі айналма жолда көлік қозғалысы уақытша өзгереді
Өскемендегі Сәтбаев, Есенберлин даңғылдары және Жібек жолы, Базовый көшелерін байланыстыратын айналма жолда көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.
– Құрылыс жұмыстарын жүргізуге байланысты 18 қыркүйек сағат 11:00-ден 20 қыркүйекке дейін Сәтбаев даңғылы мен Жібек Жолы көшесінің қиылысындағы жолайрығын салу жобасы бойынша жол қозғалысын ұйымдастыру схемасына сәйкес айналма қозғалыстың бір бөлігі уақытша жабылады, – деп хабарлады қалалық әкімдік.
Сонымен қатар Есенберлин көшесі екі бағытта да уақытша жабылады. Көлік қозғалысы уақытша схема бойынша ұйымдастырылады.



