Тереңсай асуын айналып өтетін жолдың құрылысы қарашада аяқталуы мүмкін

Бүгін Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов құрылыс алаңына барып, жұмыс барысын тексерді, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.
– Жұмыстар жоспарға сай жүріп жатыр. Құрылысты қараша айында аяқтауды жоспарлап отырмыз. Жаңа екі жолақты бағыт қолданыстағы жолды алты шақырымға қысқартып, ең бастысы, таулы аймақтың ең күрделі учаскелерінің бірін айналып өтуге мүмкіндік береді. Бұл әсіресе қыс мезгілінде маңызды. Өйткені қар мен көктайғақ асу арқылы қозғалысты айтарлықтай қиындатады. Пихтовка ауылының маңында ұзындығы 175 метр, жерден биіктігі 42 метр болатын көпір салынуда. Құрылыс аяқталғаннан кейін бұл Қазақстандағы ең биік тау көпірі болады. Шығыс Қазақстан үшін бұл маңызды инфрақұрылымдық жоба. Басты міндетіміз өңір тұрғындарына, жүргізушілер мен жүк көлігіне жыл бойы қауіпсіз әрі қолайлы қозғалысты қамтамасыз ету. Жұмыстардың аяқталуын ерекше бақылауда ұстаймыз. Жаңа бағыт белгіленген мерзімде пайдалануға берілуі тиіс, – деді аймақ басшысы.



