ШҚО-да 2500-ден астам отбасылық зорлық-зомбылық фактісі тіркелді

Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің қызметкерлері есепте тұрған отбасылардың үйлерін тұрақты негізде аралап, профилактикалық әңгімелер жүргізеді, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.
ШҚО Полиция департаментінің мәліметіне сүйенсек, кәмелетке толмаған балалар тәрбиеленіп отырған отбасыларға ерекше назар аударылады. Олардың құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін полиция жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен, әлеуметтік қорғау, білім беру қызметтерімен және басқа да ұйымдармен тығыз байланыста жұмыс істейді.
Сонымен қатар өңірде зардап шеккендерге көмек көрсететін дағдарыс орталықтары мен баспаналар жұмыс істеп тұр.
– Жыл басынан бері Шығыс Қазақстан облысында отбасылық зорлық-зомбылық туралы 2 500-ден астам арыз тіркелді, бұл өткен жылмен салыстырғанда едәуір азайған. Ал дағдарыс орталықтарына 430 азамат жүгініп, оның ішінде 43 әйел баспанаға орналастырылды, – деп хабарлады ШҚО ПД.



