Жаңалықтар

Зайсан көлінде суға батып кеткен екі балықшы іздестіріліп жатыр

Тарбағатай ауданы Тұғыл ауылдық округіндегі Зайсан көлінде қайық аударылып, суға батып кеткен екі балықшыны іздестіру жұмыстары жүріп жатыр, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.          

Қайықта үш адам болған. Олар көлде балық аулап жүрген. Қатты желден қайық аударылып кеткен. Балықшылардың бірі жағаға шығып үлгерген, оны жергілікті тұрғындар құтқарған. 1968 және 1995 жылы туылған екі адам суға батып кетті. Балықшыларда құтқару кеудешелері болмаған.

– Оқиға орнында жедел штаб құрылды. Іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін ТЖД күштері мен құралдары, дрондар, қайықтар, жүзу құралдары және суасты дрондары жұмылдырылды. Іздеуге жергілікті тұрғындарда атсалысып жатыр. Іздеу жұмыстары жалғасуда, – деп хабарлады ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті.

Басқа жаңалықтар

Back to top button