Жаңалықтар

Риддер қаласының тұрғынынан 6 келіге жуық марихуана тәркіленді

Риддер қаласында жергілікті тұрғынның гаражынан төрт түп қарасора, 6 келіге жуық кептірілген марихуана табылды, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.

ШҚО ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасына гаражда есірткі құрамдас өсімдіктер мен есірткі сақталуы мүмкін деген ақпарат түскен.

– Аталған аумақты тінту барысында төрт түп қарасорадан бөлек, кептірілген өсімдік тектес зат және ішінде есірткі заттарының қалдығы бар ыдыс табылды. Сараптама нәтижесінде тәркіленген өсімдіктер қарасора тұқымына жататыны анықталды. Ал кептірілген өсімдік тектес зат марихуана деп танылды. Оның жалпы салмағы 5,8 келіден асты. Сонымен қатар тәркіленген заттар құрамынан шамамен 15 грамм есірткі анықталды, – деп хабарлады облыстық полиция департаменті.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу жүргізіліп жатыр.

Басқа жаңалықтар

Back to top button