Жаңалықтар

Өскеменде автокөлік ұрлығы 25 пайызға артқан

Өскеменде көлік ұрлығы көбейген. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда, мұндай қылмыстардың саны 25%-ға артқан, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.   

Өскемен қаласы прокуратурасының мәліметінше, көп жағдайда көлік ұрлығына автокөлік иелерінің салғырттығы себеп болған. Атап айтқанда, көліктерін құлыпталмаған күйде қалдырып, кілттерін салонда ұмытып кеткен. Сондай-ақ автокөлігін бейтаныс адамдарға берген жағдайлар да болған.

Биыл сәуір айында автокөлік ұрлығы жол апатына себеп болған. Оқиға салдарынан көлікті айдап кеткен адам мен басқа көліктің жүргізушісі көз жұмды, тағы бір жолаушы ауыр жарақат алды.

Калалық прокуратура жүргізушілерді қарапайым қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button