Жаңалықтар

ШҚО-да туристік сала өкілдеріне арналған байқау жарияланды

Шығыс Қазақстан облысында Дүниежүзілік туризм күніне орай  кәсіпкерлер мен туристік сала өкілдеріне арналған «Қазақстандық Алтай – әсерлер аумағы» байқауы жарияланды, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.

Байқаудың мақсаты – өңірдің туристік әлеуетін сапалы дамытуға және ілгерілетуге үлес қосып жүрген үздік туристік сала өкілдерін анықтап, ынталандыру.

Конкурсқа туристік операторлар, қонақ үйлер, демалыс базалары, қонақ үйлер (гостевой дом), санаторийлік-сауықтыру және пантамен емдеу кешендері, туристік объектілер, қоғамдық тамақтандыру ұйымдары, музейлер, экскурсиялық ұйымдар, этномәдени объектілер және туристік қызметтер көрсететін өзге де субъектілер қатыса алады.

Байқау алты номинация бойынша өтеді:  

– «2026 жылғы ШҚО-ның үздік қонақ үйі»;

– «2026 жылғы ШҚО-ның үздік демалыс базасы»;

– «2026 жылғы ШҚО-ның үздік сауықтыру нысаны»;

– «2026 жылғы ШҚО-ның үздік туроператоры»;

– «2026 жылғы ШҚО-ның туризм саласындағы үздік блогері»;

– «Туризмді дамыту мәселелерін белсенді жариялағаны үшін».

Конкурсқа қатысу өтінім негізінде жүзеге асырылады. Байқауға қатысу үшін өтінімдерді 21 қыркүйекке дейін тапсыру қажет.

Байқау ережесімен төмендегі сілтеме арқылы танысуға болады: https://www.gov.kz/memleket/entities/tourism-vko/documents/details/1065647?lang=kk

Өтінімдер тиісті номинациялар бойынша Google Forms арқылы мына сілтеме бойынша қабылданады: https://forms.gle/7dMD2M4XGSxVpywd9

Айта кетейік, байқауды ШҚО Туризм және инвестициялар басқармасы ұйымдастырып отыр.

Басқа жаңалықтар

Back to top button