Жаңалықтар
Өскеменде «Әке time» ашық диалог алаңы өтті
Отбасы күніне орай облыс орталығында «Әке time» ашық диалог алаңы өтті.
Іс-шараға түрлі салада еңбек етіп жүрген әкелер қатысып, жастармен отбасы құндылықтары, әкелік жауапкершілік пен бала тәрбиесі туралы ой-пікірлерімен бөлісті.
Ашық диалог барысында әкенің отбасындағы рөлі, балаға үлгі болудың маңызы және отбасылық дәстүрлерді қалыптастыру мәселелері талқыланды.
Басты мақсат – жастар арасында отбасы құндылықтарын дәріптеп,
әке беделін арттыру және саналы ұрпақ тәрбиесіне қоғамның назарын аудару.



