Президент бірқатар шығысқазақстандық спортшыға мемлекеттік наградалар табыстады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Тәуелсіздік сарайында өткен салтанатты жиында VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады. Олардың қатарында шығысқазақстандық спортшылар да бар, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.
Мемлекет басшысының Жарлығымен спорттағы жоғары жетістіктері, сондай-ақ Бішкек қаласында VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын ұйымдастыруға және өткізуге ерекше үлес қосқаны үшін наградталды:
«Құрмет» орденімен
Қабдоллаева Аяш Советбекқызы – «Глубокое кентінің балалар шығармашылығы үйі» КМҚК мұғалімі, Шығыс Қазақстан облысының Глубокое ауданы
«Ерен еңбегі үшін» медалімен
Байғонов Дамир Маратқанұлы – «Олимпиадалық емес спорт түрлері бойынша спорт клубы» КММ оқытушы-жаттықтырушысы, Шығыс Қазақстан облысы
Жапишев Ермек Жұмабекұлы – «Кәкен Аханов атындағы орта мектеп» КММ мұғалімі, Шығыс Қазақстан облысының Ұлан ауданы
Ошабаев Достан Алмабекұлы – Ішкі істер министрлігі Шығыс Қазақстан облысы департаментінің инспекторы
Серғазин Сұңғат Мұратұлы – «Өскемен қаласындағы Шығыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Білім-Инновация» лицейі» КММ мұғалімі
Уалиев Азамат Александрович – «Б Агро» ЖШС қызметкері, Өскемен қаласы
Уалиев Ерлан Александрович – «Олимпиадалық емес спорт түрлері бойынша спорт клубы» КММ жаттықтырушысы,Шығыс Қазақстан облысы
Шәкіртов Дінислам Лұқбекұлы – «Олимпиадалық емес спорт түрлері бойынша спорт клубы» КММ оқытушы-жаттықтырушысы, Шығыс Қазақстан облысы
Шәріпов Дәурен Мырзабосынұлы – «Тарханка орта мектеп-балабақша кешені» КММ мұғалімі, Шығыс Қазақстан облысының Глубокое ауданы
Шишкин Константин Владимирович – «Өскемен қаласындағы Шығыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Білім-Инновация» лицейі» КММ қызметкері.



