Жаңалықтар

ШҚО-да түзеу мекемесіне тыйым салынған затты аяқ киімге жасырып кіргізбек болған

Шығыс Қазақстан облысында қылмыстық-атқару жүйесі мекемесіне келген азаматтар қамауда отырған танысына тыйым салынған зат бермек болған, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.   

Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы бойынша күдікке ілініп, қамауда отырған азаматпен кездесу үшін оның достары мекемеге келген.

ШҚО бойынша ҚАЖ департаментінің мәліметінше, кездесу барысында жүргізілген тексеру кезінде олардың аяқ киімінен ұлтарақтың астына мұқият жасырылған өсімдік тектес зат анықталды.

Анықталған зат тәркіленіп, сараптамаға жолданды.

– Аталған факт бойынша материалдар тиісті процессуалдық шешім қабылдау үшін құзырлы органдарға жолданды, – деді ШҚО бойынша ҚАЖ департаментінің ресми өкілі Салтанат Ожиканова.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша тиісті тексеру жүргізіліп жатыр.

Басқа жаңалықтар

Back to top button